Afrikaans
Akan
Albanian
Amharic
Arabic
Armenian
Azerbaijani
Basque
Belarusian
Bemba
Bengali
Bihari
Bosnian
Breton
Bulgarian
Cambodian
Catalan
Cebuano
Cherokee
Chichewa
Chinese (Simplified)
Chinese (Traditional)
Corsican
Croatian
Czech
Danish
Dutch
Esperanto
Estonian
Ewe
Faroese
Filipino
Finnish
Frisian
Ga
Galician
Georgian
German
Greek
Guarani
Gujarati
Haitian Creole
Hausa
Hawaiian
Hebrew
Hindi
Hmong
Hungarian
Icelandic
Igbo
Indonesian
Interlingua
Irish
Italian
Japanese
Javanese
Kannada
Kazakh
Kinyarwanda
Kirundi
Kongo
Korean
Krio (Sierra Leone)
Kurdish
Kurdish (Soranî)
Kyrgyz
Laothian
Latin
Latvian
Lingala
Lithuanian
Lozi
Luganda
Luo
Luxembourgish
Macedonian
Malagasy
Malay
Malayalam
Maltese
Maori
Marathi
Mauritian Creole
Moldavian
Mongolian
Myanmar (Burmese)
Montenegrin
Nepali
Nigerian Pidgin
Northern Sotho
Norwegian
Norwegian (Nynorsk)
Occitan
Oriya
Oromo
Pashto
Persian
Polish
Portuguese (Brazil)
Portuguese (Portugal)
Punjabi
Quechua
Romanian
Romansh
Runyakitara
Russian
Samoan
Scots Gaelic
Serbian
Serbo-Croatian
Sesotho
Setswana
Seychellois Creole
Shona
Sindhi
Sinhalese
Slovak
Slovenian
Somali
Spanish
Spanish (Latin American)
Sundanese
Swahili
Swedish
Tajik
Tamil
Tatar
Telugu
Thai
Tigrinya
Tonga
Tshiluba
Tumbuka
Turkmen
Twi
Uighur
Ukrainian
Urdu
Uzbek
Vietnamese
Welsh
Wolof
Xhosa
Yiddish
Yoruba
Zulu
https://t.me/sapa_sub
Әділет қылышына есеп беруге дайын бол. Осман!
Мен қолыма қылышпен туғанмын! Мені өліммен қорқыта алмайсың! Жан керек болса — жан, қан керек болса — қан!
Қолыңнан не келсе де, аянып қалма! Қылышпен туған – қылышпен өледі.
Сенің басыңды алғанда... Мұның бәрін саған үйретем! Қасиетті Рим үшін!
Қасиетті Рим үшін! Батырлар! Шабуылдаңдар!
Иә, Шәфи. Иә, Шәфи. Жазылып кетеді, иншалла.
Иншалла. Шүкір Аллаға.
Шүкір. У қайтарғы әсерін көрсетті, ана. Жақсы болып келеді, қызым.
Ана... Ал ағам у қайтарғыны әкеме үлгере алмаса ше?
Қызым, жақсы ойла — жақсы болсын. Қара, у қайтарғыны таптық қой. Шүкір.
Үлгереді, иншалла. Қыздар, кеттік!
Бөтелкені молынан әкеліңдер. Бұл у қайтарғы бәріне таралуы керек. Жылдам!
Я, Алла... желді қанат ете гөр!
Алааддинымды жеткізе гөр, Раббым! — Иншалла. — Иншалла, шипасы Османыма жетсін!
Амин!
SAPA_SUB телеграм арнасы
Бұлар — соңғы жанталастары! Жібермеңдер! Жеңіс — біздікі!
Соңғы қан тамшысына дейін шайқасыңдар!
Бауырым, бұл жау – өзгеше. Бойды тік ұстаңдар! Көрініп тұр — азығын жақсы жеген екен.
Осал тұс қалдырмаңдар, бауырлар! Аллаһу акбар!
Осман бей құлады! Осман бей құлады!
Османым!
Осман құлады!
Алптар! Алптар!
Жеттім, бейім, жеттім! Құтқарамын сені! Жүр!
Бейім!
Жап есікті. Өт. Е-е, не болды?
Не білдің? Осман қайда? Білмеймін. Бірақ Алааддин оған у қайтарғыны апаруға кеткен.
Қайда апарғанын ше? Білмеймін. Жарты жан боп жатыр деп естідім. Ешкім нақты ештеңе айтпай отыр.
Иә... Алааддин жоқ.
Осман да жоқ. Бірақ егер жазылып келсе... тағы мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін.
Клавдиймен... императордың әскері жеткенше...
Мудурнуды іштен құлатамыз. Не істеу керек?
Баланы өлтіреміз. Енді тыңдап ал мені.
Баланы өлтіресің https://t.me/sapa_sub
Жеттім, бейім, жеттім!
Шүкір, Раббым! У қайтарғы! У қайтарғы!
Тоқтатыңдар мына кісіні, у қайтарғыны әкелді!
Әке! Жүр!
Тұран!
Тұрғұт Ғази! У қайтарғыны бер!
Әке! Жүр, жүр!
Осман!
Османым! Османым! Күш жина!
Жақсы болады, іш мұны. — Бейім! — Іш, бейім! — Іш!
Иә, Шәфи...
София! Кешіктің! Осман әлі тірі! Ол менің қылышымнан өледі!
Сарбаздар! Шабуылдаңдар! Алға!
Бейім! Алптар! Осман бейді қорғаңдар!
Әке! Әке!
Әке, жақсысың ба? Жанға кел! Жанға кел!
Өзіне келді! Ой, машалла! — Онда кеттік!
— Кеттік! — Кеттік! — Кеттік!
Шегінеміз. — Жылдам! — Жылдам! — Осман!
Қашпа!
Иманы жоқ иттер!
Аллаһу әкбар! Жігіттер, шабуылға!
Тұр! Қуып жетіңдер! — Жоқ!
Жетпейміз. Осман әр қадамымызды сезіп тұр.
Енді шешімді императордың өзі қабылдайды.
Садақаллаһу әл-азим.
Я, Алла... Османыма шипа бере гөр.
Сау-саламат оралуын нәсіп ет. Әмин.
Саған Софияның сәлемін әкелдім, Бала.
Сатқын. Жылан сені арамызға салыпты, ә? Удан аман қалдыңдар, бірақ ажал жақын.
Үндемей өлтірмеймін сені. — Айт! — Шалағай Элени!
Бүгін өлесің, Бала. Айт! Айтам!
Кім? Кім? Ана!
Қыздар талып жатыр. Қыздар, көмектесіңдер!
Өл, жылан!
Тоқта! Тоқта! Кім? Кім кіргізді сені? Айт!
Айт! Ана, қолың қанап тұр. Емші әкеліңдер!
Мына жылан өлмейді. Айт! Кім кіргізді сені?
Не істедің, Йігіт бей? Бәрін одан білуіміз керек еді.
Мен... есік алдында қыздарды, алптарды талып жатқанын көріп... сендер де қанға малыныпсыңдар...
Жанталасып не істерімді білмедім, Бала хатун. Екі шапалақ ұрсаң — құлар еді ғой.
Дұрыс айтасың. Шығарыңдар мынаның өлігін.
Мен... не дерімді, не істерімді білмедім, Бала хатун...
Алла разылығы үшін... сендерге бір нәрсе болса...
Мен Осман бейіме не деп жауап берем?
Болған іс болды, Йігіт бей. Өз ниетіңмен жасадың.
Ана... қолың жаман көрінеді. Қаратып алайық, жүр.
Жүр.
Қош келдің, бейім. Қош келдіңіз. — Осман бей, қош келдің! — Қош келдің, Осман бей! — Қош келдік.
Османым, жақсысың ба?
Жақсымын, уайымдамаңдар. Алааддин у қайтарғыны әкелді. Шүкір.
Бейім, бұл хәлмен қайдан келдіңіз? Императордың қосалқы жасағын талқандадық, Қожабей.
Бейім, осы улы күйіңмен соғыстың ба? Уайымдама, Йігіт бей.
Бұл жан тәнде тұрғанда — біз тоқтамаймыз!
Машалла, машалла. Бейім, егер тыныққыңыз келсе...
Біз тек өлгенде ғана тынығамыз, Бала. Ал, соғыс кеңесі құрылсын!
Бұйрығыңыз — заң. Бұйрық бейімдікі.
Тұрғұт Ғази, менімен бірге жүр.
Әскердің келетіні жайлы санаулы адам ғана білетін. Осман бұл хабарды қайдан алды екен?
Білмеймін. Бірақ оның не ойлап жүргенін анық білетін боламын.
Йігіт, одан күдіктенбейсің бе?
Жоқ, ол емес. Сенімдімін. У жайлы да сенімді сөйлеген едің.
Дегенмен, тапты. Осман жазылып кетеді.
Осман удан құтылды. Бірақ мен дайындаған соңғы соққыдан құтыла алмайды.
Сарбаздарды сен Ызныққа апар. Мен Йігітпен кездесіп, шындықты білемін.
Бұ Дүниенің суы да, өзендері де жүрегімдегі отты сөндірмейді.
Ол екі опасыздың басы кесілмей, көк үстімізден ашылмайды.
Сен болмасаң, түріміз не болар еді, Тұрғұт Ғази!
Иә, Османым. Жасаған шабуылымыз әзірге бізді құтқарды.
Әскерді кейін шегіндірдік. Бірақ опасыз шықпайынша...
ешбір есік бекітілмейді.
Ондай бір сатқын бар — қар үстімен жүріп, ізін қалдырмайтын.
Қасқыр терісін жамылған шибөрі. Айтсаңшы, не ойлайсың?
Менің ойымша, сатқын біздің кеңесіміздің ішінде.
Біздің тынысымызбен тыныстап, дәл жанымызда жүрген біреу.
Қазір соғыс уақыты. Мен бейлерге күмән жабыстыра алмаймын.
Бір алп та керек боп тұрған шақта, мұндайға бара алмаймын.
Егер тыңшы әшкереленбесе, жасаған әрбір әрекетіміз зая кетеді, Осман.
Ал сен не ойлайсың? Сатқынды қалай анықтаймыз?
Қазір олар мемлекет ұйықтап жатыр деп ойлайды.
Бірақ мемлекет мәңгі ұйықтамайды. Кім сатқын, кім шенеунік — бәрі анықталады.
Қазір ұйықтап жатыр деп ойлай берсін. Уақыты келгенде...
басы өз аяқтарының астына құлайды. Құдай қаласа.
Бейім, рұқсат бар ма?
Кір
Бейлер дайын тұр, бейім.
Тағзым! Осман бей! Әссәләму ғаләйкум. — Уағәләйкум әссәләм!
Мәшалла! Удың әсері кетіпті.
Алла сені үйіңе де, мемлекетіңнің басына да аман жеткізді, Осман бей.
Рақмет, Қожабей. Рақмет, бар бол.
Біздің бар болмысымызға қауіп төндіріп тұрған Византия. Әзірге кейін қайтарды демесек, толық жеңген жоқпыз.
Императордың жасағы кез келген сәтте қайта шабуылдауы мүмкін.
Сол себепті бір сұрақ қойғым келеді, Осман бей.
Мемлекеттің басшысы біздің бір қатемізді не бір кемшілімізді көрді ме, неге бізге айтпастан шайқасқа шықты?
Бейім, жол — бір, мақсат — бір деген едік қой.
Сіздерге айтпай кеткеніме қарамастан, бейлеріме сенімім толық. Бірақ қысылтаяң кезде тез шешім керек.
Кәпірдің қай тұстан шабуылдайтынын білмеген соң, сіздердің Мудурнуда қалуларыңыз маңызды болды.
Ал біз жасырын барып, олардың қосалқы әскерін күйреттік.
Бар бол, Осман бейім. Енді не істеу керек?
Не істесек те, шапшаң болу керек. Бұйрығың қандай?
Жылдамдық — тұлпардың ісі. Ал қасқыр...
әрқашан сәтін күтеді.
Енді, егер кәпір бізге шабуылдаса...
Мудурну мен Гөйнүк арқылы келері анық.
Бұл өңірлер — Ызнық жолында да, олардың күре тамырында да тұр.
Сол себепті, шешімім мынадай:
Біз оларды Мудурнуда күтеміз. Бейлер, бүкіл жасағыңды Мудурну ішіне жинайсыңдар.
Түгел... түгел болып, кәпірге қарсы тұрамыз.
Клавдий қай тұстан келсе де, Мудурну шекарасынан өтуі шарт.
Басын шығарған сәтте — тосқауыл боламыз. Бүкіл алптарды Мудурнуға жинаймыз!
Қатты дауыл тұрады. Бірақ біз...
шайқаспай жан бермейміз. — Бұйрығыңыз болсын, бейім.
Қайтсаңыз болды.
Не болды? Бұ сізге...
Былай өт. Жақсылап қара.
Клавдий менімен кездескісі келеді. Атымды әкел.
У — алптардың күшін сындырып тастады, Қожабей. Императордың әскері кез келген сәтте шабуылдайды.
Түріктің тағдыры — соғыспен жазылады, Хасан бей. Мен шайқастан қорықпаймын.
Бірақ жеңілдікті қаламаймын. Осман бейдің сөзі бар: Гөйнүктегі алптар аман-сау.
Йігітке айт, Мудурну қорғанысын ұйымдастыруда саған жәрдем берсін.
Иә, Қожабей. Менің обамнан алптар келгенше, сақ болған жөн.
Дұрыс ойлапсың, Хасан бей. Жеңіл болсын, иә!
Рақмет, Қожабей. Егер мені іздегендер болса, алптарға қарап шықты де.
Кеттік. Йігіт бей...
Қайда кетіп барасың?
Атымды әкеліңдер. Жедел!
Хасан бей...
Жеркұтай бей.
Қайғыңды түсінем. Бірақ саған айтар сөзім жоқ.
Ұятты да білмейсің бе, Хасан?
Алптар, тоқтаңдар! Менің әйелім шейіт болды. Сенің кесіріңнен...
Талай шаңыраққа от түсті. Жәркұтай бей... Уды өзің де естідің. Опасыздар бәрін есептеген.
Сен не істер едің?
Сен не істемек едің? Бірақ, қарашы... әлі осындасың.
Әлі де тыныс алып тұрсың.
Жетер! Болды енді!
Не қалайсың, а? Жаным керек пе? Міне, ал!
Не істеп жатырсыңдар? Тоқтаңдар! Бұл не хал?
Адамдардың алдында жарасар ма еді?
Енді мұны Осман бей еститін болады.
Бұл іс осымен бітпейді.
Сен бұл үшін есеп бересің.
Қолың не болды? Ештеңе емес.
Бәрін айтам. — Ештеңе емес дейсің бе?
Йігіт Бейдің күңі Элени бар еді ғой... Гөйнүктен келген қыз.
Софияның тыңшысы болып шықты. Мені өлтірмекші болды.
Софиямен сөйлескеніне қарағанда... бұл сатқындықтың ішінде оның да ізі бар.
Сөйлете алсақ жақсы болар еді. Бірақ Йігіт бей оны өлтіріп тастады.
Ал сен бәрін маған бастан-аяқ айтып берші.
Клавдий... Осман сені күтеді. Сақ бол...
Ә-ә... Осман қайда өлетін еді? Уланған дедің ғой?
Әскерімнің жартысын қырып тастады. Ажалдың тырнағынан аман шыққан.
Мұндай күйде соғысуы мүмкін емес еді.
Императордың жасақтарын қайдан білді? Маған неге айтпадың?
Жасырын шыққан. Хабарым болмады.
Арамызда тыңшы бар деп күдіктеніп жүр. Клавдий...
біздің тағдырымыз ортақ. Бақ оларда болғанымен...
біздің оларды өлтіретін уақытымыз келеді. — Ал Бала ше?
Тірі... Осман сенің әскеріңе қарсы дайындық жасап жатыр.
Қандай дайындық? Ол Мудурну шебі арқылы шабуылдайды деп ойлайды. Сондықтан алптарын сол жаққа шоғырландырады.
Бірақ бұл сақтық... оны маңдайына жазылған өлімнен құтқара алмайды.
Менің сұлу бауырларым. Әкеміз аман. Демалса, бұрынғыдан да мықты болады, иншалла.
Қарашы, жаным, қарашы. Ә?
Әкелеріңді мүлде танымайсыңдар, иә?
Мен сендерге қорықпаңдар деген жоқпын ба?
Біз Осман Бейдің қызымыз. Ешқашан қорықпаймыз. Бірақ уайымдадық, әке.
Қолымыздан ештеңе келмей, уайым жеңді, әке. Қарашы өзің.
Гүл өссе — бақ көркейеді. Қыз өссе — ел көркейеді.
Сендер менің жанымда болғанда... мені ешкім жыға алмайды. Ешкім!
Жарайды, кәне, өтіндер әрі.
Өтіңдер, балалар.
Аһ, Үлген... Сенің жоқтығыңа қалай үйренеміз біз?
Міне, ажал әрдайым қасымызда жүр.
Біз... онымен өмір сүруді үйрендік. Әлі де үйреніп келеміз.
Алла рақым етсін. Үлген енді Жаратқанмен қауышты. Алла рақым етсін.
Алла рақым етсін.
Адам... өлгенге әрине қынжылады.
Бірақ тірі қалғанға одан бетер қиналады. Yлген Жаратушымен қауышады, ал...
...тірі — сағынышпен қалады, әке. — Рас айтасың, рас айтасың.
Жалғыз қалдырмайық деп Жерқұтай мен Ғазиді шақырдым. Дастарханымызды бөлісейік дедім.
Бірақ... Жерқұтай бей әзірше жалғыз болғысы келеді, әке.
Жалғыз қалсын әзірге. Бірақ кейін біздің арттарында екенімізді білсін.
Тоқта! Ғази, атаңа...
— Жеркутай! — Аһ! Ант етем, өлтіріп тастаймын, жанын ала алмадың ба?
Тағы да ма?
Тағы да ма?!
Мен енді не істеймін?
Я, Алла... өзің жәрдем бере гөр. Өзіме күш-қуат бере гөр.
Қолым мен қанатымды сындырып тастады, Тұрғұт Ғази.
Жүрегімді жұлып алып кетті менен.
Мені мына сәбимен... жалғыз қалдырды.
Мен енді қайда барамын? Қай мұздай суды ішіп жүрегімнің отын басармын?
Мен жан жарымсыз... шаңырақсыз қалай өмір сүрем?
Мен енді не етем?
Тағдырымыз... тек Жаратқанның құзырында.
Өмір мен өлім — тек Алланың қолында, Жеркутай.
Жұлқы... жұлқы жүрегімді ал, Тұрғұт Ғази...
Мен... мен бұл азаппен енді күресе алмаймын. Не істеймін мен?
Қалай шыдаймын мен? — Иманмен, Жеркутай... — Иманмен.
Білесің ғой...
бәріміз де бір күн шынайы мекенімізге көшеміз.
Бұл дүние бәріміз үшін сынақ, балам.
Қайғы да... азап та... сол сынақпен аяқталады.
Сақ бол... Ешқашан күмәнға, наразылыққа берілме.
Берген де — Алла... алған да — Алла.
Қарашы, артында арыстандай ұлы өсіп келеді.
Жүдеу тарту — саған жараспас. Жинал өз-өзіңе.
Баяғыда... бауырың Бамсы саған тірек болған.
Енді мен болам иығың. Бәрі де өтер, балам. Бәрі де өтер.
Мудурну мен Гөйнүкті қорқақ Османның қолынан аламын.
Ол орданы білген. Енді сақтықты күшейтеді. Бірақ мен оны күтпеген жерден соғамын.
Сонда бәрінен айырылады.
Не білдің Клавдий? — Мырзам, Осман ордасын Мудурнуда жинапты.
Онда сақтық жасап жатқан екен. Күткендей болды.
Ол орданы қайдан білген? — Йігіт те білмейді. Осман жасырын шыққан.
Іштерінде сатқын бар деп күдіктеніп жүр. Соңғы кезде өте сақ бола бастады.
Мудурну мен Гөйнүкті қорғау үшін барын салады. Әскерімізді шаршатып...
...сосын шабуылдайды. Ендеше бізге олар Мудурну мен Гөйнүкте деп ойлаған шақта...
...біз Кайы ұлысын басып аламыз. Ең күтпеген жерінен соғамыз. — Иә? — Иә.
Ұлысты жоғалту — халқы мен бектерінің сенімінен айырылу деген сөз.
Ұлысты алсақ, Осман жалғыз қалады. Сонда Мудурну мен Гөйнүкті алу жеңіл болады.
Және бұны таңға дейін ешкім білмейді. Әскерге де.
Жолға шыққанда ғана айтасыңдар. — Түсінікті.
Ұлы императорым, әскер дайын. Буйрығыңызды күтуде. — Шешімімді күтсін. Мақсат — Ақчебе. Клавдий мен София оларға жеткізер.
Бүгін тынығып алсын. — Түсінікті, мырзам.
— Рұқсат па, бейім? — Кел, Алааддин.
— Бейім, ауырғандар күшіне еніп жатыр. — Шүкір, шүкір.
— Жарайсың. Алааддин, тезірек ұлысқа қайт. — Буйрық бейімдікі.
Езандан бұрын жолға шығамыз. — Ойың әлі де соғыс алаңында, Османым?
— Ойым... алаңда емес, ақылда, Бала.
Кәпірдің жолын біраз бөгедім. Бірақ олар жай отырмайды.
Іштегі сатқын, біздің жасақтың Мудурну мен Гөйнүкте екенін жеткізер.
— Сонда олар бағытын өзгертіп, басқа жерге шабуыл жасар дейдім. — Қайда барар?
— Қорғансыз көрінген Кайы ұлысына.
Бірақ бұл олардың соңғы қадамы болады.
— Бейім, кешір, бірақ бұл иттер алданбай, басқа амал қолданса ше?
— Тойдағы сатқын. Мен не десем, соны ғана біледі. Енді...
...бізді Мудурнуда деп ойлайды. Ал шындығында...
...барлық қаруымыз Кайы ұлысында. Яғни...
...жау біздің күшімізді басқа жерде деп ойлайды. Бірақ тұзаққа өзі түседі, бейім.
Онда дұшпанның өз аяғымен торға түскенін күтеміз.
Ішімізде сатқын бар. Бектер бұдан бейхабар болсын.
Тек, тек өзіміз ғана білейік. — Жарайды, бейім.
Алптар дайын тұр, Көкабей. Мудурну — алптармен қалқандай боп тұр.
Жау ұрған жұдырығы — біздің ұстан қалқанымызда күйрейді, Хасан бей.
— Иә, Көкабей. — Йігіт бей қайда?
— Алптарды тексеріп жүр. — Не болды?
— Христиан жұрты қайта бүлік шығармасын деп, сақтық керек, Көкабей.
— Оның күңі Элени — сатқын боп шықты.
— Жұрт оған сенімсіздікпен қарайды. — Оны бұл іске араластырма, Хасан бей.
— Жарайды, Көкабей. Осман бейге хабар берем, сақтық қамын жасаймын.
— Осман бейдің алптары қайда?
Қайырлы болғай, ИншаАллах
— Осман беймен сөйлесеміз. — Осман бей мұнда жоқ. — Жоқ па?
— Осман бей қайда кеткен?
— Бисмилләһир рахманир рахим...
— Оғыз, арбаларды алаңға түсір. — Түсінікті, Алааддин бей.
— Алптар, сендер де шұғыл орындарыңа барыңдар. — Буйрық, бейім.
— Фатмам, біз де дайындықты бірден бастайық, жарай ма?
Жарайсыңдар. Жеңіл болсын. — Рахмет.
Аналар... дайынсыңдар ма? Кәне, көрсетіп жібер.
Машаллаһ.
Жүріңдер, алптар! Жүріңдер!
Тез! Жүгіріңдер, қане!
Ашып жібер, қарайық. Жақсы.
Жүр, кеттік енді.
Шехзада Алааддин! — Йігіт, сен мұнда не істеп жүрсің?
Жау келеді, шехзадам. Мен де соғысамын деймін! — Бәсе, жарайсың!
Нағыз батыр біздің ұлыстан шыққан! Тыңда мені.
Қылыш — жүректі кеседі, ал сөз — жүректен шығады.
Бұл шайқаста біз бір боламыз. Бірақ сенің міндетің — үйіңді қорғау, жарай ма?
— Иә! — Жарайсың! Жарайсың, ерім менің!
Үй — ең қымбат қазына, балам.
Үйлерің — сендерге, ұлыс — бізге аманат. Жарай ма? — Иә.
Тұра тұр, сүйіп алайын. — Жүгір! Батырым менің!
Машаллаһ, балам!
Бойжеткен де, қария да — жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік болса...
...Түріктің тарихы — жыр, жолы — нұр болады. — Әлхамдулилләһ.
Раббым... бізге отан үшін шабатын ұрпақ бере гөр, Алааддин Әлиім.
— Әмин, жарым. — Әмин. — Жүріңдер, жүрейік.
— Мырзам, Османның шехзадалары мен қыздары ұлысқа барды. Саны да аз. Ұлыста тек халық бар.
— Алааддиннің ұлыста болғаны жақсы. Осман бүгін ұлысымен бірге балаларынан да айырылады.
— Поэна! Көрдің бе, маған қарсы шыққаның — соңыңа әкелді.
Оны өзің өсірсең де, түбінде ол — түрік. Мұндай ақымақтықтан таңғалмау керек.
— Иә. Ол — түрік.
— Бала мен Османды таңдаған күн — Поэна үшін өлім болды. Өз қолыммен өлтіремін оны.
— Керемет. Бүгін — кек күні. Османның азап ішінде жан тапсыратын күні.
— Жүріңдер! Бастаймыз! Кеттік!
— Фатма Хатун! — Апа, Оғыз бей саған бірдеңе айтпақ.
— Бірдеңе керек пе, көмектесейін бе деймін? — Жоқ, рақмет. Жүр, Халимe.
— Бірақ бізге қажетсің. Мұнда көп шаруа бар, апа. Мен осында қалайын, саған көмектесейін?
— Халиме... Халиме!
— Кешір. Біз бұларды түсіріп тастаймыз. Сен одан әрі не істеу керектігін айтшы, Фатма Хатун.
— Білемін. Бірақ ағам бұл жұмысты саған тапсырды.
— Қазір араласуға болмайды. Ұлысқа келдің де, Кайы рухына сіңіп кетіпсің.
— Яғни, Фатма Хатун, дұшпандығың әлі де жалғасады ма, а?
— Жоқ. Сізбен қандай дұшпаншылығым болсын, Оғыз бей?
— Бірақ ескертіп қояйын. Ағам есалаң-месалаңға қарамайды. Қате көрсе, қатты жауап береді.
Түзетіңдер бәрін. Барлығы тәртіппен болсын.
Бүгін де есалаң болдық, шүкір. Бірақ өзің қаламап па едің?
Сен үндемегенде, мен өз жолыммен кетіп қалар едім. — Жоқ, менің шағымым жоқ.
Кешке дейін "есалаң" десең де, қабыл. Қабыл.
Шехзадам! Кладиус пен София әскерімен келе жатыр екен!
Ит тұқымдары! — Оғыз, сақтық шарасын алыңдар!
Келем десе — көрсетерміз кім екенімізді!
Кайы ұлысы — енді Византияға тиесілі болады!
Қозыбасы! (қақпа соғатын қару — таран)
Шабуылдаңдар!
О күшің — Осман! Құтқара алмайды сені!
Ажалдарыңа өздерің келдіңдер, иттер! Жүріңдер, бауырлар! — Я Аллаһ!
Шабуылға!
Аллаһу акбар!
Алптар, шабуылға! Бүгін — шәһид болар күн, бірақ тізе бүгу жоқ!
Ібіліс тұқымдары, бүгін сендерге жол жоқ!
Аллаһу акбар! Алптар, бекем тұрыңдар!
Алптар, кейін шегініңдер! Артқа!
Аллаһу акбар!
Алптар, шегінеміз! Қалқандарды әкеліңдер!
Құтыла алмайсыңдар!
Түріктер! Барыңның түбі — ажал!
Барлық бастарыңды кесіп, Османға жеткіземін!
Уайымдамаңдар, оны да тозаққа жолдаймыз.
Сендер — тозақтың тұрғындарысыңдар. Бірақ сендерді сонда жіберетін — мен боламын.
— Айт, Хрис. Императордың жаңа нысанасы қайда?
Император бар күшін Кайы Обасына бағыттайды, Осман бей.
Сен айтқандай, олар айлаға түсіп қалды. Енді не бұйырасың, Осман?
Ол жер — олар үшін қабірге айналады.
Сендер екеуің — адам бейнесіндегі шайтандарсыңдар.
Ажалды толығымен лайық еткен сатқындар!
САТҚЫН!
Маған Солғұр аға дейді. Түріктің көлеңкесіне көз салған...
...ақыры — сор болмақ. Барлық зұлымдар біліп жүрсін мұны.
Ұлыған қасқыр алдымен сөз бастауы мүмкін... Бірақ соңғы сөз — әрдайым менікі.
Айла құрдыңдар. Бірақ енді өз тұзағыңа түстіңдер.
Енді — есептесу сәті туды. Қайда қашасың енді, София?
Саған істеген зұлымдығыңның әр тамшысын — өз мұрныңнан сорғызып қайтарамыз, ант!
Алптар! Шабуылға!
— Поэна? — Поэна емес... Халиме!
Кішкентай кек періштем менің...
Аллаһу әкбар!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Бүгін... Солғұр ағаның қаһарын татасың.
Аллаһу әкбар!
София! Біз не қашамыз, не өлеміз! Бұл бітпеді, Клаудиус!
Осман бейдің обасына қол сұғу — ажалмен аяқталады, иттер!
Шабуылдаңдар, ерлер! Бүгін бұл шайтандардың соңғы күні! Аллаһу әкбар!
София. Юнус, садақты дайында.
Осман! Қашып барады! — Жоқ, олар ешқайда кете алмайды. Бүгін олар өледі.
Алптар, аттарды әкеліңдер!
Халиме! Халиме, амансың ба? — Жақсымын, аға. Жараң жаңа ғой, Халиме'м.
Тезірек шатырыңа бар. Мынау – менің қаруым. Ал, ал, батыр қызым. Хади, гүлім, хади!
Е... Осман Мудурнуды тосар деп едік.
Ол алдады. Қалайша?
Енді не істейміз, бейім? — Не біліппін, не істейміз, Йiгіт?
Дұшпан Мудурнуға шабуылдамай ма, Қожабей? Осман бей...
...енді не үшін барлық бектерін обасына шақырады деп ойлайсың? Бір іс бар, бірақ не екенін білуіміз керек.
— Жарайды.
Клаудиус. София, сен кет. Бұларға өзім де жетем.
— Жоқ! — София, бұл жолы сатқындық жоқ, сен маған сен. Кет, кет.
Бар, бар.
София! Қайтып кел! Тезірек!
Клаудиуссың ба, кімсің? Нақұрыс батырлық... сені менің алдыма алып келді ғой, ә?
Келдік қой енді... ақыры есеп айырысатын кез жетті, Осман.
Мен сенің тәніңді топыраққа таптатқым келмейді. Бірақ...
...бірақ, сен бәрібір сазайыңды тартасың!
Сарбаз! — София! — София!
Қаш,София, қаш!
Баяу, жай...
Тоқта! Тұра тұр.
Қолыңды көрсет.
Енді... Ол сатқын да... сен де — жойыласыңдар!
Білген екенсің. Бірақ кім екенін ешқашан біле алмайсың.
Солай ма, ә? Осы ма сатқын? Тұр орныңнан. Ә?
Кім? Айтасың ба? Ендеше...
Аздан соң өлетін адамнан мәлімет алмақшы болғаның — тіпті күлкілі.
Сенің қылышың мойнымды кескенімен,рухымды кесе алмайсың!
Сен де... ол да — менің әділет найзамның дәмін татасыңдар.
Барша жұртқа ғибрат болсын деп... сені Кайы обасының ортасында құртамын!
Тұр орныңнан! Жүр!
Клаудиусты обасына апарыңдар! — Бейім, егер ол Османның атын атаса ше?
Тәубе де. Сонда... Клаудиустың қабірінің жанына — менің де көрім қазылады, Сейіт.
Хади, алптар! Түріктің ұлы қаруын сілтеңдер! Барлығын жермен жексен етіңдер!
Хади! Бізге кебін тіккеннің соңы — тозақ болады!
Дұшпан жойылады. Мемлекет — мәңгі қалады. Аллаһу әкбар!
Не болды, Тұрғұт Ғази? Обамызға кім шабуылдады?
Кәпірдің айласын өзіне бұрдық. Барлығын баяндаймын, Қожабей. Уайымдама.
Інің Ийіт қайда?
Осындамын, Тұрғұт Ғази. Осындамын.
Мен де ағам секілді аң-таң болдым. Бізге ештеңе айтылмады.
Осман бей келе жатыр! Осман бей келе жатыр!
Осман бей жыланның басын кесіп әкеледі!
– Қанішер! – Атыңдар оны! Жүр! – Жазалаңдар! – Өлтіріңдер!
Сен менің қосағымды жұлып алдың, ит. Енді есеп беру уақыты.
– Шшш! Ғази. – Сатқын!
Бейім өзі реттейді.
Сенің істерің енді аспанды да жарып өтті. Кайының арқасы...
...сен секілділердің пышағының ізімен толы.
Талай ерді өлтірдің, талай отбасын жесір қалдырдың.
Бұл – соғыс, Осман. Соғыс. Біреуі ұтады, біреуі ұтылады.
Бұл жолы сен жеңдің. Мен жеңілдім. Бірақ бұл соңы емес.
Мың жыл өтсе де... бұл шайқас аяқталмайды.
Сен мені өлтірерсің. Бірақ Рим... бүкіл қаһарымен қайта шабуылдай береді.
Бізде сендерді көметіндей... кең жер бар.
Иә... барлығыңды көметін жеріміз бар.
Қылышпен шыққан — қылышпен кетеді, Доған.
Саған айтқанмын. Басың аяқтың астына түссе...
...сол сәтте саған не екенін ұқтырамын дегенмін.
Енді — әділет алдаспаны сөйлейді.
Бектерім, алптарым.
Бұл ит... және мұндайлар...
...бірінші де емес, соңғы да болмайды. Олар қараңғы індерде бізге шабуылдаудың сәтін күтеді.
Бірақ олар шабуылдағанша, біз шабуылдаймыз!
Және бұл қылыштар... олардың жүрегіне қадалатын болады!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! – Аллаһу әкбар! – Аллаһу әкбар! – Аллаһу әкбар! – Аллаһу әкбар!
Халиме!
Қарашы, аға, қаруыңа сән бердім. Ұнады ма?
Халиме! Қарындасым, амансың ба?
– Аға... – Иә? Бұл сәнді...
...осынша жылдан бері сақтап жүрсің бе? Қалай?
Соны ұмытпадың ба? Ұмытпадым әрине.
Сені... апамды, әкемді, анамды... барлығын.
Не айтып тұрсың, қарындасым? Машалла, саған!
Жаратқанға шүкір!
Мен саған айттым ғой. Дәрі әсерін тоқтатса, бәрі орнына келеді деп.
О, не болып жатыр мұнда? Келші!
Аға... сен неге менің басыма құм шашушы едің?
Қандай құм, Халиме? Құм ғой. Сен менің басыма құм төгер едің. Шашымның арасына кіріп кететін.
Анам ұрысатын. Бірақ сен... Халиме'м...
Жақсы нәрселерді есіңде ұстадың, болсын солай-ақ.
Сол София деген жылан тағы жеңе алмады. Жеңе алмайды да. Иә, солай.
Кеттік, анама осы сүйінші жаңалықты жеткізейік!
Ой, менің қарындасым... Аллам, сен неге қауқарлысың, иә Раббым!
Бар, осы хабарды Император Андроникке жеткіз.
Клаудиустың әскерімен бірге қаза тапқанын білсін.
Мен Клаудиусқа қатты сендім. Бірақ болмады, Сейіт.
Істей алмады. Жеңілді. Бірақ мен...
Бірақ мен бәрібір райымнан қайтпаймын. Не ойлап отырсың, бейім?
Темір – балғамен соғылып шыңдалады, Сейіт. Софиямен кездесемін.
Онымен одақ құрамын. Балға осында...
София да Османды жоқ қылады.
Ал мен... осы киіз үйден құтылып, лайықты тақты иемденемін.
Жүр, кеттік. Жаңалықты дереу жеткіз.
Бірақ, ешкімге сыр берме.
Мұқият бол!
Қайда барасың? – Йігіт мырзаны обасына жіберемін, бейім.
Халыққа айтатын сөзім бар. – Бей қайда? – Не айтпақ едің сонша жұртқа? А?
Түс аттан.
Бей жұртқа не айтқысы келсе, оны хатпен жеткізе ме?
Бұл – бейдің сөзі, Тұрғұт Ғази.
Ей, сатқындар! Демек, опасыз сенсің бе?
Енді бәрін тәптіштеп айтасың маған.
Айтпасаң, теріңді тірідей сыпырам!
Осман, бір жауыңды құлаттың, екіншісі әлі тірі. София тірі тұрғанда тыныштық жоқ бізге.
Бейім, алптар жолға шықты. Тастың асты қалмай тексеріледі.
Шекаралар да жабық. Табармыз, бұйырса. Ол жылан бір жерге тығылғаны анық, Боран.
Сен оны мендей білмейсің. Бала, алаңдама.
Қай дұшпан бізден сытылып кетіп еді осыған дейін? Сол сатқынды табамыз. Міндетті түрде табамыз.
Не болды, Тұрғұт Ғази? – Сатқын – Йігіт екен, Османым.
Бұл төбет бәрін мойындады.
Клаудиус пен Софиямен алтын мен жер үшін келісімге келген екен.
Сонымен, сатқын – Йігіт пе? Сорлылық болсын саған. Сорлылық!
Клаудиустың басын шапқан кезде мен барлық бектерді бақылап тұрдым.
Сол ит – Йігіт, оның аты атылса деп қорқып, үнсіз қалды.
Сол сәтте-ақ түсіндім – сатқын сол.
Қарашы маған. Көзіме қара. Қайда ол?
Софиямен кездесуге кетті, бейім.
Бейім, не ойдасыз? – Йігіт бізге Софияны алып келеді.
Оларға оңай өлім жоқ.
Енді мені мұқият тыңдаңдар.
София. Мен – Йігіт.
Клаудиус осы орынды айтып еді. Дұрыс.
Біз бір жақтамыз. Клаудиус. Иә...
Қайда өзі? – Өлді. – Өлді дейсің бе?
Оның жанын Осман алды.
Міне солай. Осман. Ха...
Ант етем, сені де, Балаңды да өз қолыммен өлтірем.
София. Рұқсат етсең...
...сол антыңа мен де ортақ болайын.
Клаудиус өлді, бірақ менің кегім аяқталған жоқ.
Клаудиус саған сенетін. Жөн екен.
Не боп қалды? Не?
Біз Османға бірге тұзақ құрамыз. Оның әрбір қадамы жайлы маған хабар беріп отырасың.
Біз Османға бірге тұзақ құрамыз. Оның әрбір қадамы жайлы маған хабар беріп отырасың. Қазір қайда? – Обасында. Жеңісін тойлап отыр.
Бектер де маңында шыр көбелек. Әсіресе менің ағам...
Жағымпаз. Бәрі де жазасын алады.
Кек үшін бе? – Иә. – Бәрін құрбан етуге дайынсың ба?
Ағаңды қоса ма? – Иә, оны да. Сол қарияны...
...мына қос қолыммен өлтірем.
Ол менен тартып алған тақты иелену – жалғыз арманым.
Арманыңнан да зорына жетесің. Мен Осман мен Баланы өлтірем...
...сен Көкәбейді.
Сосын барлық обалар – сенің әміріңде болады.
Ал сен – Византияның әмірінде.
Енді обаңды бар да, солардың көлеңкесінде бола бер.
Жарайды. Жарайды, кеттім мен.
Ертең той жасаймыз. Бектерге алға бастайтын шешімдерімді жария етемін.
Бәрі тап-тұйнақтай дайын болады, бейім. Уайымдама. – Иә, Бала, иә.
Мынау не, Османым? – Алаеддин беріп жіберіпті. Қолыңдағы жараға жағасың дейді.
Алаеддин өзі әкелмей, әкесіне беріпті ғой. Қарашы!
Сен менің кішкентай жарамды да ойлайсың ба, Қара Осман? Сен бір рет жүрегіме кірдің, енді саған сызат түссе, менің жаным ауырады.
Кел бері. О, кел.
Мынаны жақсылап жағу керек. Жақсылап.
Жарайды, дәкесін қой. Мықтап бас енді.
Қалай? – Ауырды, бірақ енді жоқ.
– Иә? – Иә. Қарашы маған.
Сен неге сонша уайымдап тұрсың? – София. София.
Уайымдама, Бала. Маған ондай көзбен қарамашы. Егер жоспарымыз іске аспаса ше?
Маған сенбейсің бе? – Софияны табам. – Қара Осман, мен саған қашан сенбедім?
Мына есіктің ар жағында ажал күтіп тұр десе де, мен қолыңнан ұстап, қасыңда болам.
Сен уайым етпе. Қорғаушың болам, қамалдай тұрам. Саған ешкімнің зияны тимейді.
Мәселе мен емес, біз ғой, Осман. Қарсыдағы жау – жылан.
Не істейтіні белгісіз. Бірақ оны сен жақсы білесің. Софияның күні санаулы.
Мен сондай бір тұзақ құрам, София да, Йиғіт те ұзақ өмір сүрмейді, уайымдама.
Алла сәтін салсын, бейім. Үйіміз де, обамыз да тыныш, берекелі болсын.
Әмин, әмин, Балам. Әмин.
Не болды? Хабар императорға жетті ме? – Жетті, бейім.
Император, Османның жолын кесу үшін амалын жасайды. Сол амалдар...
...маған бейлікке жол ашады, Сейіт.
Бұл жол амалсыз да ашылуы мүмкін, бейім. – Қалай?
Алптардан естідім. Осман мен Бала ханым ертең көшерлерді қарсы алуға шығады екен.
Сүйінші хабар айттың, арыстаным менің!
Клаудиусты өлтіріп, тыныштыққа кенелдік деп ойлайды олар. Бірақ бұл бейқамдық...
...оларға қасірет алып келеді. Білмейді әлі.
София Бурсада. Хабарды оған жеткіз.
Бар. – Әмірің, бейім.
Иә...
Ертең... София Османды өлтіреді.
Ал мен... оның көлеңкесінде шіріп жатқан ағамды.
Аруағыңнан айналайын, енді кезек менікі.
Тигін көрсін інілеріне! – Жүр, Меликшах, ат!
Уа, ағайын! Естімегендер ести жүрсін. Осман бейім той жасайды!
Бірақ бұл той не үшін? Білесіңдер ме?
Сендерге той қызық па, балақайлар? – Иә! – Иә!
Келіңдер онда, жаныма жайғасыңдар. Жүріңдер.
Кел, кел, отыр.
Иә. Той жиналады, себебі...
...тойда... мемлекет шешім қабылдайды. Кеңесу...
...ақылдасу, жүрекпен түйісу – бейлердің қасиеті.
Иә... Той – мемлекеттің кеңес мәжілісі. Ең маңызды мәселелер...
...сол тойда шешіледі. Не дейді халқымыз? Той жиналса...
...ру да бой түзейді.
Тойды кім жасайды? – Мемлекет басы.
Яғни ол – Осман бей. – Бала ханым да тойға қатыса ма?
Әрине қатысады. Арыстанның ұрғашысы да – арыстан.
Ол да бейінің жанында қасқайып тұрады. Анам айтатын...
Мемлекет – хан мен ханымның бірлігінен тұрады.
Неге тойда ас беріледі? Ертеректе...
...атамыз Оғыз осылай өсиет қалдырған. Айтқан екен:
«Тойда бейдің дәмі желінсін. Мемлекет сөзі айтылсын».
Сол дәм – қасиетті. Бұл салтты ұстаныңдар...
...және шаттаныңдар, деген. Сол себепті...
...тойда бей дастарханын жаяды. Бәрі дәм татады, сосын сөзін айтады.
Біз де тойға бара аламыз ба? – Әрине барасыңдар, әрине!
Сендер де ержетіп, бей мен ханым болғанда, сол тойда өз орындарың болады.
Келер ұрпақ – мемлекеттің кепілі. Біз бұл мемлекетті сендерге тапсырамыз.
Біз бұл дәуірді құрдық. Бұдан былай туды сендер көтересіңдер.
Айтыңдаршы енді, мына қасиетті аманатқа дайынсыңдар ма, а?
– Дайынбыз! – Жарайсыңдар, ей, жарайсыңдар!
Машалла, машалла! Исламның болашағы...
...осындай батыр, осындай дәстүрді білетін ұрпақтардың иығында көтеріледі, иншалла.
Иншалла, Тұрғұт ғази. Машалла сіздерге!
Машалла. Енді, Бала, көшерлер келіп санымыз көбейді.
Жүгіміз ауырлады. Енді одан да мұқият болуымыз керек. Көп еңбек етеміз.
Аш қалғанды тойдырамыз. Жатқандарды іске жегеміз, бейім. Әділетпен, бірлікпен орнатамыз, иншалла.
Иншалла, иншалла. Бұл жоспар...
...Мудұрну мен Гөйнүктің гүлденуіне себеп болады.
Жаңа қоныстар, жаңа ошақтар құрамыз. Әр жаңа қоныс тек топыраққа емес...
...бізге де жазылады, Османым. Көшкен үмітпен келеді...
...біз оны еңбекпен қарсы аламыз. Осы екеуі бірігіп...
...мемлекеттің тамыры тереңге бойлайды. Ал тамыр...
...жалаң қылышпен емес, Бала. Батыр алптарымыз бар...
Құдіретті бейлеріміз бар. Бірақ бастысы —
Отбасы болу. Иә. Ерлеріміз бен қыздарымызды отбасын құруға үндейміз.
Ошақтарын бірге көтереміз, иншалла. Иншалла. Бірақ...
...отбасы болу тек үй болу емес. Отбасы болу – мемлекеттің жартысы болу.
Иә, рас айтасың.
Балам, сөзімді есіңде сақтайсың ба?
Алақам... Осман бей жарыс сұрайды, ә?
Мынау Ілтұтаға қарашы. Қарашы. Бұл Алақа қартайып қалды ғой. Шшш! Оған қатты жүк артпа!
Қарашы, қарашы! Алақам... Осман бей сенің шеберлігіңді ұмытыпты, қызым.
Кел, есіне салып қояйық. Ештеңе ұмытқан жоқпын. Бәрі жадымда. – Жақсы онда!
Кім көбірек сүйсе, сол тез жүгіреді. Бірақ қайда дейін?
Мақсатты ең жақсы мен білем. Артымнан еріңдер!
Айттым ғой, қызым. Жүре ғой, қызым.
Күлген әр сәттеріңді уға айналдырамын!
Тәңірге ант етем, сені де, жарыңды да жоқ етемін!
Сарбаздар! Іздеріне түсіңдер! Жүріңдер!
Бүгін бәрі тәмам болады. София Османдарды өлтіреді!
Бұл аңшылықты не үшін ұйымдастырдың, бейім? София жалғыз өзі жеңе ала ма? – Басқа амал жоқ.
Османдар Софияға... Ағам Қожабей маған жем болады.
Қожабейді өлтірмексің бе, бейім?
Алптар дайын тұрсын.
– Ассалаумағалейкүм. – Уағалейкүмассалам, аға.
Жүр бері, інім. Иігіт, батыр бауырым менің!
Аңға дайынсың ба, аға? – Аңшылық менің кәсібім, әрдайым дайынмын.
Білмеймін бе? Аштық замандарда да сенің аулағаныңмен қайнады қазан.
Ол күндер артта қалды. Қасқыр қартайса да, көзі әлі қырағы.
Тағы да маңдайынан қағамын олжаны. – Қағасың, аға, қағасың.
– Берші мынаны. – Оқтарды бер. – Мә, аға.
Е, Алажа, жаман емессің. Жаман емессің. Жақсы екенбіз, а, Алажам!
Кел бері. Кел.
Османым, осы күнді көп күттік. Бәрін өткенмен бірге көметін болдық.
Иә. Уәделерімізді орындаймыз.
Бүгін... бүгін сенің күлкің бөлек.
Басқаша күлесің. – Бұл жанарлар тек саған күледі, қара Османым. – Жоқ, сенбеймін.
Неге олай дейсің? Бұрын мені көрсең осылай күлетінсің. Қазір тек балаларыңа қарап күлесің.
Балаңа қызғанасың ба мені, Османым? – Оларға қарасам, сені көремін.
Әрқайсысында сенің бір үнің бар. Сол себепті күлемін. – Халиме келгенде көзіңнің іші жайнап тұрды.
Ешқашан, ешқашан бұл күлкің солмасын. Бұл жанарың өшпесін.
Кешіріңдер, бүгін сендердің соңғы күндерің.
Мен тірі тұрғанда ол болмайды.
Екеуің де бүгін өлетін боласыңдар. Бүгін сен мына топыраққа кіресің.
Ассалаумағалейкүм, қызыл жалмауыз.
Софияның сарбаздары қырылады. Не істейсің енді, София?
Сендерді өлтіремін! Сарбаздар! Шабуылға!
Осман бейдің тойына олжамен кірем деген едік, бірақ бүгін сол олжа болмады-ау.
Олжа жоқ дейсің бе, аға? Бар.
Ол да ескіріп қалған екен...
Не істемексің, Иігіт? Жақындама!
Бүгін сен олжа, мен – аулаушымын, аға.
Мені өлтірмексің? Неге? Бұл опасыздықты не үшін істемексің?
Сенің көлеңкеңде жойылудан шаршадым. Жойылу дейсің бе?
Сенің отауыңда да, билігіңде де менің үлесім бар. Ал менің қолымда не бар?
Жоқ. Бір жапырақ та жоқ.
Қай уланған бұлақтан су іштің, жүрегіңді шайтанға бердің, Йігіт?
Сөйтсек, бауырымда жылан асыраған екем.
Сені өлтіремін, аға. Хақымды алам.
Ат оғыңды! Кәне! Өлтір мені! Өлтір!
Опасыз! Атсайшы!
Тұрғұт ғази... Бұл қалай болғаны?
Қасқырдың терісін жамылған шакал екенсің.
Ақырында шын бейнең ашылды. Сатқындығың әшкере болды.
Алптар! Шабуылға!
Опасыздар! Тұрғұт ғази!
Сейіт!
Улы жылан! Менің сендей бауырым жоқ енді!
Бұл опасыз тек саған емес, Қожабек. Византиямен ауыз жаласып, Осман бейге де сатқындық еткен.
Мұны да істедің бе, ар-намысы жоқ?!
Бұл сатқынның жазасын... Осман бей өзі кеседі.
Осындай масқарамен... мен енді Осман бектің алдына қалай шығамын, Тұрғұт ғази?
Ағаның күнәсінің жазасын... аға тартпайды, Қожабек.
Ұят – жүрегін жалған арманға байлап қойған... мына сатқынның еншісі.
Жүр.
Аллаһу әкбар!
Кәпір Византия! Сендерге енді құтылу жоқ, тек өлім ғана!
Бүгін мен жеңем, Осман! Мен барда сен ештеңе істей алмайсың!
Ант еттім, София! Жасатқан барлық азабыңның өтеуін төлетем саған! – Есебіміз бітіссін, Бала.
Бірақ бұл соңғы рет болсын.
Балапанымды қинағаның үшін бәрін төлетем саған! Мен оны сенен де қатты жақсы көрдім! Ол менің қызым еді, Бала!
Қайдағы махаббат?! Сен оның қанын төктің! Өлтірмек болдың! Саған жеңіл өлім жоқ!
Саған «жылан» дер ем, бірақ сен емессің. Сен – шаянсың. Сасық шаянсың.
Сенің табиғатыңда шағу бар.
Бала. – Бала, қой. – Қой, қой енді.
Оның есебін ел алдында сұраймыз. Енді сенің де кезегің келді.
Алып кетіңдер. Тұр, қызыл жын. Құрығатын күнің келді.
Бала... – Жақсысың ба? – Жақсымын...
Бейім...
Аумин...
Балапаным. Қызым...
Қарашы... Көктем келді, қызым.
Міне, гүлдер бүр жарды. Иісі қандай керемет!
Бірақ ешбірі сен секілді иіс шашпайды, қызым. Сенің сағынышыңды ештеңе баспайды, балапаным.
Жоқ, баспайды...
Гүл Гонжам...
Бақбақтарды сен еккен едің ғой, иә?
Көрдің бе, қалай өсіпті, Алааддин?
Біздің қызымыз енді ешқашан өспейді. Бірақ бақбақтар қарашы, қалай жайқалыпты, Алааддин, көрдің бе?
Көрдім, иә. Көрдім, Гүл Гоншам.
Бақбақтар – махаббатымыздың куәсі болды, иә, Гүл Гонжам? Махаббатымыз қызымызды да құшағына алсын деймін.
Анасы да, әкесі де әрдайым жанында екенін білсін деймін.
Қатты сағындым. Алааддин, мен қатты сағындым. Не істеймін енді мен?
Балапанымызды қатты сағындым. Қатты... – Мен де қатты сағындым.
Ақыретте жолығармыз, періштемізге, иә, Гонжам? Жолығамыз, қызым.
Алааддин... Тағы сондай бір қайғыны тартудан қорқамын мен.
Білем ғой... Қаншалықты жақсы білем десеңші...
Бірақ... Раббымыз қорқынышымызды сейілтеді.
Уақыты келгенде, біз де ата-ана боламыз.
Сүйіспеншілігімізді күн санап еселеп өсіреді олар. Солай емес пе?
Иә? Олар да осылай асыр салып, мәз-мейрам ойнай ма, Алааддин? – Ойнайды, ойнайды, әрине.
Қарашы, біз қанша қайғы кештік.
Раббымыз... Раббымыз бізге қуаныштың ең асылын бұйыртсын. Сен уайым етпе.
Иншалла, Алааддин Әлиім. Иншалла.
Қызым... Әкесінің бақбақ гүлі.
Әкең келді, жаным.
Бисмиллаһир рахманир рахим... Жаным, сұлу қызым...
Бақбақтарымның ішіндегі ең асылым сенсің.
Осман... Осман Клаудиусты өлтіріпті. София келмегеніне қарағанда, ол да қолға түсті.
Осман... Ол тірі тұрғанда шетімізден тозаққа айналады бұл өлкелер.
Жиналыңдар! Қайта Константинополге бет аламыз! Сенатты кідірместен шақырамын.
Оны күтпеген бір жерден соққылап... Біз Османның тозаққа айналған қорқынышына айналамыз.
Тозақ боламыз оған!
Бейім Софияны ұстапты! – Жан тапсырасың, қызыл жын! – Өлесің!
София! – Хайуан! – Кәпір!
Ақыры әділет өз орнын табады, апа.
Сатқын! Қанішер! Кәпір! Қырылып қал! Қызыл жын!
Өлесің, кәпір! – Өлесің! – Жүр, жын ойнақ!
Жүріңдер! Жасасын Осман бием!
– Өлесің! – Кәпір! Аздан соң бәрінің есебін бересің, София!
Ей, Қайы елі! Ұзақ уақыт бойы бізге қан құстырған... сатқындық жасаған...
...мынау Софияның есеп беру күні келді!
Пoeнa... Кешір мені. Ашудан көзім байланды. Мен саған зиян келтіргім келмеген.
Саған кешірім жоқ, София! Өзіңе сай өлім күтеді сені! Мен сенен сұрамадым, Бала!
Құстай нәзік жаным...
Мені кешіресің бе?
Бұл сұмдық әйел... қаншама шаңырақты ортасына түсірді. Қаншама ананы баласыз...
...қаншама ерді қабірсіз қалдырды. Қараңғылықты...
...зорлықты, сатқындықты... осы топыраққа осы әйел әкелді!
Сендер де көріңдер, сендер де біліңдер деп келдім.
Қайы елінде... ешбір есеп жасырын қалмайды.
Зұлымдық жасаған кім болса да – жауабын осы алаңда береді!
Әке! Не болды, ол екі бауыр ма сонда? Жоқ, әлде мынау сол ма еді?
Кладиусқа тыңшылық еткен сатқын — осы.
Маған бәрін жіпке тізгендей айтып берді.
Солай ма екен... Кожа бей.
Жүзіңді төмен түсірме. — Мен сенің жүзіңе қарай алмаймын, Осман бей.
Бұл сатқын итті алдыңа алып келдім. Енді өзім шетке кетем.
Жоқ, тоқта.
Басыңды көтер. Біз...
...ақ пен қараны айыра білеміз, шүкір.
Түзу тұр. — Кешір, бейім.
Мен жаңылдым, сен жаңылма. — Үніңді өшір, қорқақ ит! Ең болмаса өлерде армен өл!
Сатқын!
Бізді неше акчаға саттың, а? — Мен ешкімді сатпадым, бейім.
Кладиус мені жаныммен қорқытты.
Бірақ қаншама жазықсыз жан қырылды. Қаншама түріктің қаны төгілді.
Кешірім жоқ.
Мемлекет... сатқынға кескен жазасымен ұлы болады.
Мемлекетіне, жұртына опасыздық еткен адамға — бұл қасиетті тудың саясы да харам.
Сенің жазаң — көктен кіріп, қызылдан шыққан осы қылыш.
Міне...Бізге сатқындық жасаған кім болса да — соның соңы осы ит секілді болмақ!
Енді сенің кезегің келді.
Әшһәду ән лә илаһә иллә-Ллаһ... уа әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулүһ.
Әшһәду ән лә илаһә иллә-Ллаһ... уа әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулүһ.
Сен — жылан. Ібіліс! Тағы да бір қулық істеп тұрсың, София!
Тозақтың табалдырығында тұрып түсіндім. Ешбір кек — жанымды құтқармайды екен.
Білем, кеш қалдым. Бірақ...
Мен ақ жолды таптым. — Әке, бұл жылан тағы қулық ойлап отыр.
Маған қара.
Шешім — сіздікі, Осман бей.
Апарып, темір торлы шатырға қамаңдар.
Алып кетіңдер!
Тағы да қулығыңды істедің, София. — Енді еш қулық жоқ, Гонжа.
Саған сенбеймін, София. Тағы да өтірік айтып тұрсың. — Бәлкім, мені сен өзгерткен шығарсың...
Жүр, София, жүр. Жүр дедім саған.
Бұл көздерім қызыл сиқыршының мұсылман болғанын да көрді, ей. Бірақ ол қорыққаннан өтірік айтып тұрған жоқ па?
Бұл София жыланынан бәрін күтуге болады. Осман бей әділетті шешім қабылдайды.
Бізге не істегені бәрімізге мәлім. Енді "иман еттім" дейді.
Айтыңдаршы... өздерің не дейсіңдер?
Ол жылан... қол-аяғымызды байлады.
Ол шайтанның иман келтіруі — перғауынның иман келтіруінен айырмасы бар ма? Егер өтірік болса ше?
Перғауынға тәубе нәсіп болды, бірақ иман бұйырмады.
Мынау басқа. Дұрыс айтасың.
Софияның тілінен кәлима естідік қой бір мәрте. Жүрегім сезеді.
Білем, бұл улы жылан тағы бір айла істей ме деп қорқам. Бірақ! Пайғамбарымыздың сүннеті бар.
Жүректі жарып, ішін көре алмаймыз. Ниеті шынайы ма, жоқ па... оны жалғыз Алла біледі.
Енді кешірмекпіз бе? Әке, сонша жасаған зұлымдығы еш жазасыз қала ма?
Егер шын ниетімен иман келтірсе...
онда София өліп, жаңа адам боп туғанмен тең.
Раббымыз тәубе еткенге жаңа өмір береді. Біз оған қалай қарсы боламыз?
Дегенмен, жалған тәубе ме, жоқ па, нақты білмейінше, сақтық керек.
Әрине. Әрине, солай істейміз. Шын айтады ма, жоқ па...
Бүкіл шарасын аламыз. Бірақ... сол уақытқа дейін торлы шатырда тұрады.
Ислам қағидаттарына сай өмір сүретін болады. — Бейім, рұқсат бар ма?
Келе бер. — Бейім, әміріңмен барлық бектер жиналды.
Тойға дайынбыз.
Тағзым! Мемлекет иесі Осман бей келеді!
Сәлемәлейкүм. — Уағалейкүмәссәләм.
Бектерім, қарындастарым, алптарым...
Түркілік тәніміз болса, Ислам — жанымыз деген жолда...
біз — әлемге тәртіп орнату жолынан ешқашан тайған жоқпыз.
Қай жерде бір мұңлының көз жасы төгілсе... біз соны өз мұңымыз санадық. Қол создық.
Әлхамдулиллаһ. Әлхамдулиллаһ. Әлхамдулиллаһ. Талай кәпірді жеңдік...
талайынан жеңілдік. Бірақ ешқашан жорықтан шегінбедік.
Жерімізді кеңейттік. Талай қамалды алдық.
Біз бұл қамалдарды әділет орнату үшін алдық.
Енді... әділетіне шүбә келтірмейтін бектерге...
...осы қамалдарды табыстайтын кез келді.
Боран...
Кожа бей... кел бері.
Гөйнүк — сенің иелігің. Әділетпен билік ет.
Билік те, пәрмен де енді сенде. — Басыммен қабыл аламын, бейім. Бұл аманат — енді менің мойнымда.
Иә, жарадың. Жарайсың, Көкебей. Енді сен айт, Хасан бек.
Хасан бек... бері кел.
Мудурну енді сенің иелігің. Әділетпен билік ет.
Бейім, Мудурнуды әділетпен де, мейіріммен де басқарамын. — Жарадың.
Сен де аман бол. Кане бар.
Е Алладдин, кел бері, балам.
Бейім, Ақхисар қамалы енді бір шаһзаданың әділетімен биленбек.
Балам, Ақхисар қамалы сенікі.
Бейім көрсеткен бағыт — менің арманым, ең қымбат қазынам.
Аман бол, бейім. — Иә, жарадың.
Христо, кел бері.
Кей адам бар, қаперсіздіктен еш оянбайды. Бірақ сен тура жолды таптың.
Енді менің жерімдегі грек халқымен сен айналысасың. Кайының әділетін оларға сен жеткізесің.
Міндетің құтты болсын. — Рақмет, Осман бей. Оларға сізден көрген мейірім мен төзімді баян етемін.
Жарадың.
Осман бейім. Бәріміздің көңілімізді таптың. Көшпенді едік, енді жер иесі болдық, шүкір.
Бірақ бір жаман хабар естідім. Айтады, император бүкіл күшпен келе жатыр деп.
Келе берсін. Біз алып бәйтеректейміз.
Бір желмен құламаймыз. Келе беріндер.
Олардың бәрін көметін жеріміз бар, әлхамдулиллаһ. — Әлхамдулиллаһ!
Қартаған жүрегім әлі де бір сұрақ қояр еді, Осман бейім. Бәрін айттың, бірақ бағытымызды айтпадың.
Айта гөрші, аттарымызды қайда қарай айдаймыз?
Жүрегі иманға толы бектерім, енді бағыт — тек бір мекен емес.
Бағыт — күн батқан бүкіл жер. Алла атымен ант етемін...
...бұл жолдан ешқашан бас тартпаймыз!
Аллаһу акбар! Аллаһу акбар! Аллаһу акбар!
Аллаһу акбар! Аллаһу акбар! Аллаһу акбар!
Аллаһу акбар! Аллаһу акбар! Аллаһу акбар!
Кешір мені, Аллам.
Енді дұға етуді еске алдың ба, София?
Бала, дұға етуден басқа жолым қалмады. Жолың таусылғанда ғана хақты еске аласың ба?
Ең ауыр жаза — адамның өзі өзімен қалуы екен, Бала.
Саған сенбеймін, София. Енді иман киімін киіп тағы бір рет бүлік салмақпысың?
Мен енді ұқтым. Мен, Поэна...
...Халимеден өзге ештеңем болмапты менің.
Білем... білем, ол да менікі болмаған.
Мен бірінші рет маскасызбын, Бала. — София...
Бала... сен сенген Раббыммен мен алғаш рет бүгін ғана іштей жүздестім.
Қабыл етер ме мені?
Кешірер ме мені, Бала? — Кешіру — бізге емес...
...Раббымызға тән іс. Мен сенің нәпсіңді емес, ниетіңді бағалаймын.
Ниетім шын, Бала. Мен кек емес, жол іздеймін. Және білемін, сен мені ешқашан кешірмейсің.
Бірақ сенің жол көрсетуіңе мұқтажбын.
Бала... Маған көмектесесің бе?
Бисмилләһир рахманир рахим. Қане, кеттік.
Жолға шығайық, ей халық!
Хақтың Хира тауынан үн қатқан күнінен бері біз бұл жолдан еш айныған емеспіз.
Құтты пайғамбар салған жолдан өзге бағыт іздемедік.
Көкірекке біткен шынарды бір арман, бір жеңіс деп білдік.
Қиындыққа, азапқа, жеңіліске де құштар болдық. Тілегеніміз — Ислам әлемі бір болсын...
ірі болсын! Үміт бүр жарған бұл заманда менің айтпағым:
Біз енді көбірек жерге, көбірек теңізге Құдайдың қуанышты хабарын жеткіземіз.
Қай жерде бір мұңлы жыласа... сол жерде біз найзағайдай жарқ етеміз.
Және бүкіл әлемге жар саламыз: Мәңгілік әділет!
Мәңгілік еркіндік!
СІЗДЕРМЕН БІРГЕ БОЛҒАН SAPA_SUB 7-МАУСЫМДА ЖҮЗДЕСКЕНШЕ,ДОСТАРЫМ!!!
194-БӨЛІМНІҢ СОҢЫ
Can't find what you're looking for?
Get subtitles in any language from opensubtitles.com, and translate them here.